Русский Сайттың толық нұсқасы

Бавария тұрғыны 3 көршісін атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттады

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2023
  • 1110

Баварияның Аугсбург қаласының маңында ер адам үш адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жарақаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, күдікті сол үйде тұрып жатқан. Тергеудің алдын ала болжамынша, көршілерімен арада келіспеушілік туындаған. Ол 28 шілде күні кешке қарудан 49 және 72 жастағы екі әйелді және 52 жастағы ер адамды атып өлтірген.

Кейін басқа көшедегі үйге барып, онда әйел мен ер адамға оқ атқан. Олар ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер 64 жастағы ер адамды қамауға алды. Күдікті ұстау барысында қарсылық көрсетпеген. Оның қылмысқа бару себебі анықталып жатыр.