Екінші жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental титулының иегері Бекман Сойлыбаев (16-1, 7 КО) келесі жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы 5 тамызда Ташкентте (Өзбекстан) жұдырықтасады. Оның қарсыласы ресейлік боксшы Александр Егоров (20-7-1, 10 КО) болмақ. Қазір Сойлыбаев жаттығуда.
"Жекпе-жекке санаулы күндер қалды. Сіздерден қолдау күтемін!" – деді боксшы жанкүйерлерге.