Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында құтқарушылар бір үйдің екі баласын дәретхана шұңқырынан алып шықты

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2023
  • 819

Алматы облысында дәретхана шұңқырына құлаған баланы құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

28 шілде күні кешкі сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы Әл Фараби көшесінде бала дәретханаға құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 км қашықтықтағы оқиға орнына барып, 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға құлағанын анықтады. Оқыс оқиға кезінде баланың әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны белгілі болды.

Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен техникасы күшімен сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарылған. Осыдан кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.