Дін жолына түскен отандық әнші әрі актриса Алтынай Жолдыбаева оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушыларының бірі “Сіз тұрмыстасыз ба?” деген сұрақ қойыпты. Алтынай бұл сауалға нақты жауап бермесе де, ер мен әйелдің қол ұстасқан суретін қойып, “Теңдесіз сезімдерімнің себебі", – деген жазба қалдырды.
Сондай ақ ол араб тілін меңгеріп жүр. “Араб тілінде еркін оқисыз ба?” деген оқырман сауалына ол: “Құранды арабша оқимын. Кейін мағынасын түсіну үшін қазақ тілінде аудармасын оқимын. Еркін меңгердім деп айта алмаймын, үйренерім көп”, – деп жауап берді.