Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда мұнай-газ кенішінің жабдықтары тиелген колонна өте алмай тұр

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2016
  • 2721

Оралдың іргесіндегі Деркөл ауылында мұнай-газ кенішінің қондырғылары тиелген автоколонна кептеліп қалған. Ауқымды қондырғыларды электр желілері мен газ құбыры астынан өткізу мүмкін болмай отыр. Жүк көліктеріне салмағы 30 тонна, биіктігі 6 метрге жуық қондырғылар тиелген. Енді жоғары кернеулі электр желілерін ажыратып, газ құбырларын кесуге тура келеді. Мұнай-газ қондырғылары Атыраудан Батыс Қазақстандағы Чинарев кенішіне жеткізілуі тиіс. Энергетиктер автоколонна межелі жерден өткесін, газ бен жарықтың қайта беріле бастайтынын айтады.