Русский Сайттың толық нұсқасы

Индира Расылхан: "Тойда орамалмен билегенім ұят болады"

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2023
  • 1455

Өнер жолын тастап, дінге бет бұрған Индира Расылхан өзінің орамал тағып, билегенін ұят санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Әр тойға барар алдында, өзімді қамшылап барамын. “Индира! Тойда орамалмен билегенің ұят болады, билемейсің”- деп. Вроде бы “болды, болды” деп ішкі Индира келіскендей болады. Біраз уақыттан соң қалай билегенімді білмей қалам ғой”, – деп жазды Индира Расылхан.

Артынан ол оқырманынан биіне баға беруін сұрады.

“Мен сияқты би десе делебесі қозып тұратындар бар ма? Әпкемнің баласы ғой, күшті билейді иә? Жездем күшті билейді. Ұнады ма?”, – дейді ол желі қолданушыларына сұрау тастап.