Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық велошабандоз Испаниядағы жарыста бірінші келді

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2023
  • 681

"Астана" велокомандасының үздігі Алексей Луценко Испанияда өткен Circuito de Getxo біркүндік турының жеңімпазы атанды, деп жазды massaget.kz

Бильбаодан Гечоға дейінгі 193,3 шақырымдық жолды отандасымыз 4 сағат, 19 минут, 10 секундта жүріп өтті. Осылайша жарыс мәресіне бірінші жетті. Екінші болып келген Lidl-Trek командасы өкілі Тони Галлопен Алексейден 24 секундқа қалып қойды. Үшінші орынды тағы бір "Астана" велошабандозы Симоне Веласко (+0,33) иеленді.