Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада қазақстандық мергендер винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста «қола» алды.
Дүбірлі додада Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды.
Алғашқы екі орын Үндістан және Қытай спортшыларына бұйырды.
Еске салсақ, бұл Қазақстан үшін бесінші медаль. Бұған дейін, «қоланы» шағын калибрлі винтовкадан атудың шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Шахторин Никита; тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита алды.