Русский Сайттың толық нұсқасы

Шомылу маусымы басталғалы 144 адам суға батып кетті

Биыл шомылу маусымы басталғалы 144 адам суға батып, көз жұмды. Оның 40-қа жуығы кәмелет жасқа толмағандар. Қайғылы жайттың көбі суға түсуге тыйым салынған аймақта орын алған. Төтеншеліктер биыл 68 мыңға тарта рейд жүргізген. Қауіпсіздік шараларын сақтамаған 7 мың 230 адамға хаттама толтырған.

Ұларбек АБЫКЕЕВ, ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

97 адам тыйым салынған жерде шомыламын деп көз жұмды. Демалушылардың көбі біздің ескертпелерге құлақ аспайды. Ескерту тақтайшаларын жұлып тастап, шомылатындар да бар.