Елордада "Жүректен жүрекке" атты қайрымдылық кеші өтті. Шараны «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау орталығы ұйымдастырды. Онда ересектер тобы түрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ән шырқап, өнер көрсетті.
Жазира АЯПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ең бастысы бала ашылды. Бұрын үйде отырғанда тұйық болып, қазір осы орталыққа келгісі келіп тұрады.