Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуекел Мүсілімнің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2023
  • 796

Актер Тәуекел Мүсілім екі ұлымен және әйелімен түскен видеосын желіде бөлісті. Өнер иесінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті. 

"Бақытты күндер көп болсын. Отбасы, махаббат", - деп жазды Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары бүгінгі таңда екі балалы болып үлгерген актер мен жұбайына жылы лебізін жаудырды. "Бақытты болыңыздар", "Тіл-көзден сақтасын", "Керемет отбасы", "Сіз екі балалы боп үлгергенсіз бе? Уақыт қалай жылдам", "Жарасымды жұп", "Аман болыңыздар", "Айтөре өсіп қалыпты", - деп жазды желідегілер. Айта кетейік, 2022 жылы Тәуекел Мүсілімнің екінші ұлы дүниеге келді. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тәуекел Мүсілім әйелімен арадағы түсініспеушіліктер жайлы айтқан болатын.