Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2023
  • 959

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.