Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тіпті тыңдамаймын": Айдана Меденова орамал таққалы музыкадан мүлдем бас тартқанын айтты

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2023
  • 1520

“Kesh You” тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова өнерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айдана Меденованың тыңдарманы әншінің өнерден кеткеніне сене алар емес. Оқырманның: “Енді ән айтпайсыз ба?” деген сауалына ол:

“Жоқ, ең қызығы, тіпті тыңдамаймын. Жалпы маған қиын болады деп ойлағанмын. Керісінше, Алла маған жеңілдетіп қойды. Өзіммен өзім түк қиналмай музыкадан алшақтап кеттім. Алла ұлық, ниетіңе қарай, бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады”, – деп жауап берді.