Русский Сайттың толық нұсқасы

Роналду жаңа маусымдағы бірінші голын соқты

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2023
  • 886

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасында ойнайтын танымал футболшы Криштиану Роналду жаңа маусымдағы алғашқы голын соғып, жанкүйерлерін қуантты, деп жазды  massaget.kz.

Португалдық футболшының командасы клубтар арасындағы араб чемпионатында Тунистің "Монастир" командасымен ойнады. Қарсыластарын 4:1 есебімен ұтып, Роналду екінші голды өз еншісіне жазды. 

Роналдудан өзге команда сапында Андерсон Талиска (42 минутта), Абдулелах Аль-Амри (88) және Абдулазиз Аль-Элевай (90) гол соқты. Ал тунистік команданың бір голы Әли Ладжамидің автоголымен есепке алынды. 

"Әл-Наср" соңғы 5 ойында жеңіске жетпеген еді.