Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда мемлекет қаржысын жымқырған шенеунік пен кәсіпкер 8 жылға сотталдыыл жемкорлык

Таразда шенеунік пен кәсіпкер көшені жарықтандыру және бейнекамерамен жабдықтауға бөлінген 91 млн. теңгені діттеген мақсатқа жаратпаған. Бұған қоса, қоқыс алаңдарына қарастылған 24 млн теңгені де жоқ қылған. Оларға «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру» бабы бойынша айып тағылды. Қала әкімдігіне қарасты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкерге де осындай жаза берілді.

АСЫЛХАН ТІЛЕШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Алдын-ала сөз байласу мәселесі тергеу амалдарымен толық дәлелденіп отыр. Мердігер мекеме тарапынан атқарылмаған жұмыстар бойынша іс-құжаттар дайындалып бөлім басшысына ұсынылып. Бөлім басшысы тиісті қарау жұмыстарын жүргізбестен сол жұмыстарды қабылдап алу туралы актіге қол қойып, соның нәтижесінде мемлекетке шығын келтіріп отыр.