Алматының Ақкент ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Қызыл жалынға оранған үйдің тұрғындары амалсыздан балаларымен бірге терезеден секіріп, жан сауғалады. Төтеншеліктердің айтуынша, 5-ші және 6-шы қабаттардың деңгейіндегі лифт шахтасында электр кабельдері жанған. 300 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ.