Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада екі үлкен көпқабатты автотұрақ салынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2023
  • 880

Астананың сол жағалауында екі көпқабатты паркинг пайда болуы мүмкін. Қазір осы жобаларға инвесторларды тарту мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның бірі - Бас прокуратура ғимараты мен Jusan Bank нысаны арасындағы аумақтағы көпқабатты автотұрақ. Сығанақ көшесінің бойында орналасқан ауданы 1,9376 га жер телімі жекеменшік негізінде «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ға тиесілі.

«Қазіргі кезде акционерлік қоғам көп деңгейлі автотұрақ салуға инвесторлар тарту мәселесін қарастырып жатыр», - делінген Астана қаласы Көлік және жол - көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына берген жауабында.

Екінші көпқабатты автотұрақ Жоғарғы Сот ғимаратының артында салынуы мүмкін.

«Бұл аумақта 350 көлікке арналған тегін автотұрақ бар. Қазір осы маңда автотұрақ салу мәселесі пысықталып жатыр», - деп аталып өткен әкімдік мәліметінде.