Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

  • AstanaTV
  • 26 қазан 2016
  • 2157

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті. Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев бүгін жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды «24.kg» агенттігі. Үкіметтің жұмысы басқарушы коалицияның ыдырауына байланысты тоқтаған. «Тұрақтылық, сенім және жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын коалиция былтыр қарашада құрылған еді. Оған 4 фракция кірген. Алмазбек Атамбаев төрағалық ететін социал-демократтар, Қырғызстан, Онугуу-Прогресс және Ата-Мекен партиялары.

Жаңа үкімет құрамы айтарлықтай өзгермейді деген болжам бар. Қырғызстан конституциясы бойынша коалиция құрамынан бір партия шықса, ол ыдырап, үкімет отставкаға кетеді. Енжі желтоқсанда өтетін референдумда парламент пен премьер-министрдің құзырын кеңейту жоспарланып отыр.

Саламат ОМАШ