Атырауда жол көлік апатынан велосипед теуіп бара жатқан жасөспірім зардап шекті. Оқиға Махамбет Өтемісұлы көшесінде болған. Chevrolet автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолақта 13 жасар баланы қағып кетті. Оған облыстық балалар ауруханасында алғашқы көмек көрсетілді. Істі полиция тергеп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері велосипед және самокатпен 5 адам жол апатына түскен.