Русский Сайттың толық нұсқасы

Бейжіңде кейінгі 140 жылда болмаған мөлшерде жаңбыр жауды

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2023
  • 1046

Кейінгі бірнеше күнде Бейжіңде 140 жылда жаумаған мөлшерде жауын жауды.

Бейжің метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, сенбі күнгі сағат 20:00-ден сәрсенбі күнгі 7:00-ге дейін Чанпин ауданындағы Ваньцзяюань су қоймасына 744,8 мм жауын-шашын түскен. Бұл төтенше мөлшер саналады.

Өткен демалыс күндерінен бастап ел астанасында «Доксури» тайфунына байланысты қатты жаңбыр жауып, 11 адам қаза тапты.

Қазір Бейжіңде су тасқынына байланысты «қызыл ескерту» алынды, себебі негізгі өзендердегі су деңгейі қауіпті деңгейден төмендеді.

Қытайдың қаржы және төтенше жағдайларды басқару министрліктері бірлесіп, Бейжің-Тяньцзинь-Хэбэй аймағындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға және табиғи апат салдарын жоюға 110 млн юань (шамамен 15,43 млн АҚШ доллары) бөлді.