Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда инвестициялық форум өтті

Астықты аймақта «Kostanay Invest 2023» форумы өтті. Екі күнге созылған елеулі шара барысында облыстың инвестициялық әлеуеті талқыға түсіп, шетелдік және еліміздің бизнес өкілдері өз тәжірибесімен бөлісті. Қостанай облысы ивесторлар үшін қолайлы өңір.Билік тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Осы мақсатта біз инвесторларды қолдауды жалғастырамыз.
Қостанай облысы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономиканың барлық бағытында дамуын қамтамасыз етілді.Облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 44% - ға өсті.
Полиметалл Евразия компаниясы қуаттылығы 40 мегаваттық күн электростанция жобасын ұсынып отыр. Оның сыртында 700 гектар аумаққа ағаш егіп Федоров ауданын жасыл белдеу жасамақ. Ал әйгілі «Баян-Сұлу» жылына 13 мың тонна өнім шығаратын тағы бір кондитерлік фабрика салады. Жаһанға мәшһүр КИА компаниясы Тобыл өңірінде зауыт салуға ниетті.

Дэки КИМ, КИА ЗАУЫТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қостанайға екі жүз миллион долларға жуық инвестиция саламыз. Біз бұл шаһарды автокөлік өнеркәсібі бойынша Қазақстанның негізгі қаласы қылуға тырысамыз. Бұл тұрғыда жергілікті биліктің қолдауы мен көмегі қажет.

Өнеркәсібі өрге дамып жатқан өлке үшін құрғақ порт салу өте өзекті. Жоба құны 37 миллиард теңге.700 жұмыс орны ашылады. Жылына 300-350 мың контейнер қабылдауға қауқарлы.

Айдын ӘЛІМОВ, «ТЛК ТОБЫЛ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Біздің порт географиялық тұрғыдан алғанда өте қолайлы жерде болмақ. Еуропа,қытай, орталық азиядан контейнер қабылдап,қай бағыт болсын жібереміз. Яғни күллі жер жаһанға жүк жөнелте аламыз деген сөз.
Форум аясында ынтымақтастық туралы өзара мәні зор мәміле жасалды. 700 миллиард теңгеден астам инвестициялық келімідерге қол қойылды.