Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте полицей қызметтік көлікпен қаққан қыздың миы шайқалған

Шымкентте полицей қызметтік көлікпен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан анасы мен қызын қағып кетті. Оқиға Байтұрсынов көшесінде болған. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы ПД-нің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегушілер дереу аурухана жеткізілген. 2013 жылғы қыздың миы шайқалған, қан ұйып қалған. Ал анасы жабық бассүйек-ми жарақатын алған.