Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада 7 миллион теңгеден астам сомасына заңсыз темекі өнімдерінің партиясы анықталды

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2023
  • 618

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері елордада рейдтік көшпелі іс-шараларды өткізу барысында вейп, кальянға арналған және электрондық темекі сияқты сәйкестендіру құралдарынсыз (акциздік маркалар) 5 360 темекі бұйымы анықтады. Жалпы сомасы 7 841 500 теңгені құрады.

Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабымен сәйкестендіру тәсілімен темекі бұйымдарын таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу бойынша материалдар құрастырылды, нәтижесінде тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.