Жаңаөзен қаласында патрульдеу кезінде ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген көлік анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша (Көлік құралын біле тұра жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгілерімен (белгісімен) әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберіліп, көлік арнайы айыптұраққа қойылды», - деп хабарлады Жаңаөзен қаласының ПБ.