Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге португалиялық жәнне бразилиялық теннисшілер Франсишку Кабраль мен Рафаэль Матосты 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңіп кетті.
Кездесу 1 сағат 29 минутқа созылды. Олардың финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.
Бір апта бұрын Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар Бастада (Швеция) өткен ATP 250 жарысында жеңіске жетті. Бұл - олардың биылғы ATP турнирлеріндегі үшінші бірлескен финалы.