Таразда фосфор зауытында жарылыс болды. Екі жұмысшы танк-контейнерден сары фосфор алу кезінде тірідей жанып кете жаздады. Химиялық қышқыл ауаға шашырап бірден отқа айналған. Жарқат алған 26 жастағы жігіт қазір қалалық ауруханада жатыр. Ал денесінің 22 пайызын күйік шалған 32 жастағы науқастың жағдайы тым ауыр дейді дәрігерлер. Қазір осы іске қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталды.
Әбілсейіт СЫДЫҚОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ КҮЙІК ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Ем-домның барлығы жасалып жатыр. Динамикасында ухудшение жоқ. Но әлі де болса шоковой состоянияда.