Екібастұзда мотоцикл мен автокөлік соқтығысты, мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
" 4 тамыз күні сағат 17:20-да Екібастұз қаласы Энергетиктер көшесінде Mitsubishi Galant автокөлігі мен мотоцикл соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Екібастұз ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жатқызылды.
Қазіргі таңда көліктер арнайы айып тұрағына қойылып, тергеу жүргізіп жатыр.