Русский Сайттың толық нұсқасы

Суданда ашқұрсақ 14 млн бала гуманитарлық қолдауды аса қажет етеді - ЮНИСЕФ

  • AstanaTV
  • 05 тамыз 2023
  • 1082

Судандағы әскери қақтығыс салдарынан миллиондаған бала аштыққа ұшырап, елдегі дағдарыс күшейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 миллионға жуық бала, салыстырмалы түрде айтқанда, бұл Колумбия, Франция, Германия немесе Таиландтағы әрбір бала гуманитарлық қолдауды аса қажет етеді, деп жазады CNN ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Тед Чайбанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Судандағы 1,7 миллионнан астам бала аштық, ауру, зорлық-зомбылық және ата-анасының ажырасуы сынды қауіптерге байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

"Бес жасқа дейінгі 3 миллион бала аш құрсақ жүреді, ал 700 мыңы аштыққа ұшырап, өлім қаупімен бетпе-бет келуде. Бір жасқа дейінгі 1,7 миллион бала міндетті вакцинациялаудан өтпей, аурудың өршу қаупін арттырады", — дейді Чайбан.

ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, сәуір айының ортасында Суданда әскери қақтығыс басталғаннан бері кем дегенде 435 бала қаза тапты.

15 сәуірден бастап Суданда тұрақты армия мен әскери құрылым арасындағы қақтығыстар жалғасуда, бұл бейбіт тұрғындардың құрбан болуына және азаматтық соғыстың тұтануына әкеліп соғуы мүмкін.

Судан Қарулы Күштері (SVS) мен Жедел қолдау күштерінің әскерилендірілген тобы (SOP) арасында әскери ұрыс жалғасып жатқандықтан, Суданда Интернет толықтай өшірілгені хабарланған болатын.