«Шахтинск» шахтасында төтенше жағдай орын алды. Бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды. Зардап шеккен кенші ауруханаға жеткізілді.
Оқиға бүгін таңертең «Шахтинск» шахтасында орын алды. 34 жастағы жұмысшы бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде тау массасының астында қалып қойған.
«6 тамызда «Шахтинск» шахтасында зәкірді бұрғылау кезінде кенжардың жоғарғы бөлігінен тау-кен массасының шоғыры опырылып, құлаған. Салдарынан үңгуші жарақат алды», - делінген компания мәлімдемесінде.
УПР-1 учаскесінің қызметкерлері үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден оны шахтаның бетіне шығарған. Содан кейін реанимациялық-шокқа қарсы топ бригадасы зардап шеккен кеншіні Қарағанды қаласындағы Х. Мақажанов атындағы клиникаға жеткізді.
«Қазіргі уақытта іс тергелуде», - деп толықтырды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.