Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында соңғы 2 айда жол апатынан 20 адам мерт болған

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2023
  • 748

Атырау облысында кейінгі екі айда 4 жол апатынан 20 адам мерт болған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жеңіл және ауыр жүк көліктер ағынының артуымен жол апаты көбейген.

«Атырау облысындағы республикалық жолдарда соңғы екі айда 4 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 20 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру. Сол себептен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік нарядтар шығарылды. Алайда, жолдың патрульдік полиция нарядтары кездеспейтін тұсында көлік апаты жиі тіркеліп отыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.