Шығыс Қазақстан облысында Риддер ЖЭО-ның жылу беру маусымына дайындығы пысықталды. Жағдаймен AMANAT партиясының мүшелері танысты. Қазір нысандағы барлық жұмыстар үш ауысымда жүріп жатыр. Онда дайындық жұмыстарына 400 адам жұмылдырылған. Келесі аптаның соңына дейін мамандар саны 500-ге дейін артуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарына қазынадан 8,3 миллиард теңге қарастырған.
Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ:
Жылу электр орталығын жөндеу кезінде қиындықтар болды. Дегенмен қайта-қатай есептеулер мен жұмыс форматы жаңартылып отыр. Алғашқы үш қазандық қондырғысы қыркүйек айында, қалған үшеуі қазан айында іске қосылу жоспарланып отыр.
Жылу электр орталығында "AMANAT"партиясының Партиялық бақылау бекеті де жұмыс істейді. Аймақтық мәслихатының Депутаттар арасында энергетиктер, құрылысшылар бар. Олар кестенің орындалуын және жөндеу-жұмыстарының сапасын бақылайды.
Денис РЫПАКОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Техникалық білімі бар депутаттардың тізімі анықталды. Олар жай ғана бақылаумен шектелмейді. Жұмыс процесінің қалай жүріп жатқанын да қадағалап отырады.