Русский Сайттың толық нұсқасы

Із-түссіз жоғалған қыз кісі өлтірудің құрбаны болды

Шымкентте із-түссіз жоғалған 18 жастағы қызды жездесі өлтірген болуы мүмкін. Полицияға 5 -тамыз күні бойжеткеннің жоғалғаны туралы туыстары хабарласқан. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамыз күні үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Алайда үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Ал бүгін түнде туыстары өз үйлерінің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы полицияға хабарлады.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған , денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады. Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінді.

Батырбек МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Үздіксіз іздеу жұмысының нәтижесінде 18 жастағы азаматша ауыр қылмыстың құрбаны болғаны анықталды. Аталған жәйт ҚР ҚК 99 бабы «Кісі өлтіру» бабымен тіркеліп, қазіргі кезде барлық сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.