Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жаппай ауруханаға түскен балалар токсикалық заттан уланған

Қарағанды облысында балалардың улануы себебіне инфекциялық аурулардың қатысы жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Оның сөзінше, қазір ауруханаға түскен 14 баланың жетеуі сауығып, үйге шығарылған. Олар дәрігерлердің бақылауында. Алты бала реанимация бөлімшесінде жатыр, екі баланың жағдайы өте ауыр күйде деді,-министр.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Алдын ала эпидемилогиялық тексеру, зертханалық зерттеу нәтижелері аурудың таралу сипаты тамақтан уланудан болмағанын, сондай-ақ инфекциялық аурулардың жоқтығын көрсетті. Дәрігер мамандар токсикалық заттан қатты улану деп пайымдайды. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.

Үкімет басшысы ішкі істер министрлігіне болған оқиғаның нақты себептері мен кінәлілерді анықтау тапсырды.