Русский Сайттың толық нұсқасы

Садақа жәшігінен ақша ұрлайтындар көбейді

«Садақа жәшігінен ақша ұрланды». Айтуға ауыз бармаса да, осындай жаңалықты көп еститін болдық. Жасыратыны жоқ, «қазіргінің» ұрылары елдің қайырымдылық теңгесіне көз салады. Керек десең, Алла үйінде арам ойын іске асырады.

 «Садақа – береке кілті» деп жатамыз. Әр адам көмекке зәру жанға қол ұшын созуды жөн көреді. Садақа жәшігін көрсе, азды-көпті теңгесін қалдырады. Ал, сол ақшаны тұтқиылдан келген өзге біреу ұрлап жатса не істейді? Біз шағын эксперимент жүргіздік.

Қоғам белсенділері мұндай жағдай қайталана берсе елдігімізден айырыламыз - дейді.

Ғалымжан ЕСҚАРАҰЛЫ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Біз адамның құнын өте төмен деңгейге түсіріп отырмыз да бұл арқылы. Мен басқа мемлекеттерден мұндай нәрсені естімеппін. Ал, Қазақстанда бұндай жағдайдың орын алуы қазақ халқы үшін өте ұят нәрсе деп санаймын.

Бірнеше күн бұрын ғана Шымкентте садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті 20 мың теңгені қымсынбай қалтаға басқан. Бұл жалғыз оқиға емес. Желіні ашып қалсаң, осыған ұқсас хабарлама көп. Бірақ жыл басынан бері мұндай дерекпен ұсталған қылмыскерлердің нақты саны жоқ.