Русский Сайттың толық нұсқасы

"Еңбегімізді бағалап, жалақымызды арттырып жатқанына қуаныштымыз", - дәрігер

Батыр Қонысбекұлы 10 жылдан бері хирург дәрігері болып жұмыс істейді. Күніне 50-60 адамға шұғыл түрде көмек көрсетеді. Оның 10 пайызына операция жасалады. Антына адалдық танытып жүрген ақхалаттының жалқысы жақында 30% ға көтерілді.

Батыр ҚОНЫСБЕКҰЛЫ, ДӘРІГЕР:

Бұрынғыға қарағанда дәрігерлердің жалақысы көтеріліп жақсы болып қалды жағдайы. Мемлекет басшысының дәрігерлердің жұмысын бағалап, медбикелердің, дәрігерлердің барлығының жұмысын бағалап көтеріп жатса қанекей. Сенеміз көтереді деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысы дәрігерлер мен қатар орта медицина қызметкерлерінің де табысын арттыруды тапсырған болатын. Олардың айлығы 20 пайызға көбейді. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылуын реттеу қажеттігін айтты.

Қасым Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған.

Елімізде 270563 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның 79261 дәрігер, 191302 орта медицина қызметкері.