Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда өрттен 2 жасар бала көз жұмды

Павлодарда өрттен 2 жасар бала көз жұмды. Оқыс оқиға Тереңкөл ауданына қарасты Береговое ауылында болған. Үй өртенген кезде баланың анасы аулада кір жуып жатса керек. Тілсіз жаудан 4 жастағы бала да күйік шалған. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтады. Әзірге тілсіз жаудың неден болғаны белгісіз.