Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қызым екеуіміз дәлізде жаттық": Жәнел Мақажан тұңғышын тегін ауруханада босанып, қиналғанын кезін еске алды

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2023
  • 2697

Жақында үшінші сәбиіне жүкті екенін айтқан Жәнел Мақажан босанатын күнге дайындықты бастап кетті. Актриса ақылы ауруханалардың бірін таңдап қойыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Көбі босану, дайындық жайлы сұрапты. Біз перзентхананы таңдап қойдық. Тек құжаттарын рәсімдеу керек. Иә, ақылы ауруханада босанамын. Мен екі баланың анасымын және үшінші рет тегін ауруханада босанғым келмейді. Күйеуіме басымнан өткен жағдайды айтқанда жағасын ұстады. Сол себепті ақылы ауруханада босанатын болып шештік. Алғашқы жүктілігімде ақылы жерде босануға қаражатым жетпеді. Бірінші рет босанғандықтан ештеңеден хабарым жоқ еді. Ал тегін аурухананы көргенде төбе шашым тік тұрды, ойлағанымдай болмай, көңілім түсіп кетті. Тазалық атымен жоқ, аурухананы тазаламайтын, бөлмелер лас еді. Осылай Альфияны дүниеге әкелдім. Ең сорақысы босанғаннан кейін екі күн бойы қызым екеуіміз дәлізде жаттық”, – дейді Жәнел Мақажан.

Актриса бірінші күйеуінің жүктілік, босану кезінде ешқандай қолдау көрсетпегенін, қажеттілігін өтеп бере алмағынын айтты.

“Жаныма қатты батқаны, мен шарасыз күйде болдым. Жақсы жағдайда босануға мүмкіндігім де, қаражатым да болмады. Егер күйеуің ақылды, парасатты адам болса қажеттілігіңді өтейді. Ал топас, қала берді табысы аз болсаонда жағдайың қиын. Өйткені бала ол – үлкен жауапкершілік”, – деп ойын аяқтады актриса.