Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазығұртта екі көлік түрлі-түсті маяк орнатып, тіркеу нөмірінсіз той кортежінде жүрген

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2023
  • 1204

 ІІМ Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасы белгілі болды.
Құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - деп жазды құзырлы органнан.

Жүргізуші кінәсін толық мойындады.

Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып, тәртіп сақшыларымен іздестіру жұмыстары жүргізілуде.