«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты би сайысын өткізеді. «Бір толқында» деп аталатын чемпионат салауатты өмір салтын дәріптеп, есірткіге қарсы күреске шақырады. Байқауда бақ сынауға 5 пен 35 жас аралығындағы 150 адам өтініш білдірген. Олар ертең Триатлон саябағында өнер көрсетеді. Би бәсекесі 6 номинация бойынша өткізіледі.
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
Салауатты өмір сүру салтын насихаттау бағытында қазір Қазақстан бойынша 15-тен астам ірі іс-шараларды ұйымдастырып отырмыз. «Бір толқында» заманауи би байқауы бұл осы «Есірткіге жол жоқ» негізгі қағидасымен өтеді.