Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалған ер адам орманнан өлі табылды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2023
  • 1493

Қостанай облысында ер адам өлі табылды. Оны саңырауқұлақ терушілер тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Қостанай облысы ПД мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамның денесі Федоров ауданы, Костычевка ауылынан 6 шақырым жерде табылған.

Ер адам 7 шілдеде үйінен шығып кеткен. Осы факт бойынша полицейлер іздеу жариялаған. Ер адамды саңырауқұлақ теруге шыққандар орманнан тауып алған.

Қазіргі уақытта соталды тергеу аясында сараптамалар тағайындалғаны айтылды.