Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауруханада балаларға берілген тамақтан жәндік шықты

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2023
  • 1387

Әлеуметтік желі беттерінде облыстық балалар ауруханасында түсірілген видео тарады. Желі қолданушысының шағымында түскі асқа берілген тамақтың ішінде жәндік табылғаны айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"26 шағынауданда орналасқан балалар ауруханасындамын. Түскі асқа берген тамақта жәндік жүр. Балалар қалай тамақ ішеді?" - дейді тұрғын өз шағымында.

"Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК әкімшілігі әліметінше, бұл тамаққа қатысты келіп түскен алғашқы шағым.

"Қазіргі уақытта аурухананы байқау негізінде жеңімпаз болып, шарт жасасқан Алимбетова Ж.К. тамақпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жәндік жалпы тағамнан емес, диеталық тамақтан анықталған. Шағымданушының арызы бойынша жауаптыларға ескерту жасалды. Қазір басшылық құрамы шақыртылып, қызметтік тексеріліс жүргізіліп жатыр. Егер емделушілердің шағымы бар болса науқастарды қолдау қызметі және ішкі аудит бойынша байланыс телефоны: 210-240 нөміріне хабарласу мүмкіндігі бар", - деді "Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК әкімшілігі өкілдері.