Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедеспортшы оқушылар зардап шеккен жол-көлік оқиғасына спорт мектебі басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталды

Ақтөбеде спортшы оқушылар зардап шеккен жол- көлік оқиғасына қатысты сот үкімі шықты. Көлік тізгіндеген спорт мектебінің директорының орынбасары 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Еске сала кетейік, бұл оқиға 2022 жылдың 17 желтоқсанында болды. Таңертең Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына жарысқа шыққан «Toyota Estima» көлігі аударылып, көлікте болған тоғыз оқушы мен жаттықтырушы зардап шегеді. Бір бала оқиға орнында қаза тапты. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушілердің алдынан өтіп, кешірімін алған.

 Мираш ЖҮГІНІСОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Нұрбек Айбекұлы Жұмекешов ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сондай-ақ сотталушыдан жаттықтырушы пайдасына 5 млн теңге көлемінде моральдық зиян өңдірілді. Бірақ жәбірленуші тарап үкіммен келіспейді.

СОТТАЛУШЫНЫҢ ЗАЙЫБЫ:

4 млн 470 беріп отырмын. Әр жағына 5 млн тағы беріп отырсыздар. Мен 10 млн беремін ғой сонда. Еще өзі сотталып кетеді. Мен үш баланы бағамын ба, бес млнды төлеп беремін бе?!