Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2023
  • 881

Түркістан облысында жоғалған күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін "күйеуін өлтірді" деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қайғылы жағдай болған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр".