Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО-да еңбек ететін шет елдіктердің квотасыз-ақ елде қалуына мүмкіндігі бар

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2016
  • 2087

ЭКСПО-да еңбек ететін шет елдік азаматтардың арнайы квотасыз-ақ елде қалуына мүмкіндігі бар. Бұл туралы СІМ өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, көрме қалашығында қызмет ететін шет елдіктер ІІМ-де тіркелсе жеткілікті. Алайда бұл жеңілдіктер қызметкерлердің белгілі бір санатына ғана қатысты.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Басқарма басшылары мен жоғарғы санаттағы мамандарды алуға болады. Оған қоса сәулетшілер де бар. Бұл топтағы азаматтар квотадан тыс және рұқсат ету жүйесінсіз келе береді. Алайда рұқсат ету квоталары ЭКСПО-ны ұйымдастырушы компаниялар мен жекелеген азаматтарға берілмейді.