Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада тағы бір балалар лагерінің былығы ашылды

  • AstanaTV
  • 13 тамыз 2023
  • 928

Қызылордалық прокурорлар балаларға арналған жазғы тынығу лагерьлеріндегі былықтың бетін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Шиелі ауданының лагерінде азық-түлік ескі дәретхана бөлмесінде сақталған. Бұл лагерьде жуынатын жер де жоқ болып шыққан.

Қазалылық балалар суы лас бассейнде шомылып келген. Одан бөлек, микробиологиялық зерттеу нәтижесінде асхана ыдысынан ішек таяқшасы табылды.

"Сырдария ауданындағы лагерьде төсек-орын жабдықтары дезинфекцияланбаған. Басқа да санитариялық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған. Лагерьлер жақсы күйде емес. Ғимараттары ескі, кейбіреулері күрделі жөндеуді қажет етеді", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік, биыл осындай демалыс орындарына баруы керек 8 мыңға жуық баланың 4,5 мыңдайы әлі кезегін күтіп жүр екен.

Еске салайық, бұған дейін де әлеуметтік желіде алматылық мектеп оқушылары балалар лагеріне тегін жолдамалар алғаны, бірақ сауна ғимаратына орналастырылғаны туралы хабар тарады.