Русский Сайттың толық нұсқасы

Барлық мектеп қауіпсіздік талаптарына сай келмейді – Әлихан Смайылов

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2023
  • 872

Премьер-Министр Әлихан Смайылов білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесін жүйелі шаралар қабылдап, іске асыру мәселесін қозғады.

«Білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарауға жол бермеу керек. Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керектігіне қатысты бірнеше рет тапсырма берілді. Бұл мәселені жақында Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында да қарадық. Білім беру объектілерінің барлығы бірдей қауіпсіздік талаптарына сай келмейді», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, мектептердің 30%-дан астамы әлі күнге дейін полицияның жедел басқару орталығына қосылмаған.

«Осы ретте, жұмысты белсенді жүргізу қажет. 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары яғни шамамен 1,5 млн бала тегін тамақпен қамтылатынын атап өту керек. Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімі мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін бір балаға кемінде 40 мың теңгеден алатын болады. Барлығы 500 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Балаларды мектепке тасу үшін биыл 500-ден аса жаңа автобус сатып алынды», – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов оқу жылының басталуына орай инфрақұрылымды дамытып, оқу процесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс жүргізілгенін айтты.