"Қалың малымды қайтар". Екі жас ажырасып кетсе құдалар осылай байбалам салатын болды. Шымкенттік тұрғын жарты жылдан бері осы мәселемен басы қатып жүр. Бұрынғы күйеуі қаржы қайтармасаң сотқа беремін деп қорқытып жүрген көрінеді. Дәстүрге сай кәдесый ретінде берілетін қалың малды қайтаруға бола ма? Заңгерлер не дейді? Дәрібек Бахытбек анықтады.
Мерей мерейлі отбасы болсақ деп армандады. Өткен жылы тұрмысқа шықты. Бірақ, сүйдім деген серісімен жараспады. Алты ай бұрын ажырасты. Жастардың жанжалы әлі бітпеген. Бұрынғы жолдасы қалың малға берген 2 миллион теңгені қайтар деп шу шығарып жүрген көрінеді.
МЕРЕЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Біз оны сол кезде тойға жұмсадық қой. Кредитте шықпайды маған. Әйтпесе бере салар едім. Жігіттердің ұсақталып кеткеніне қарның ашиды.
Қалың мал берген кезде оны нотариуспен куәландыру керек. Сонда ғана қайтаруға қадам жасауға болады. Екі жасты қосып жатқандар құдалар жаманшылық шақырып, заңдастыруға құлық таныспайды. Оның өзінде қалың малды дауласатын болса соңғы нүктесін сот қояды. Заңгер Айшат Уәлиоллаға жылына 10-12 адам осы мәселемен арызданып келеді.
Айшат УӘЛИОЛЛА, ЗАҢГЕР:
Заңды түрде, нотаральды түрде неке шарты жасалса + ішінде жазылса ажырасқан кезде мынадай пайызы маған келеді. Нандай пайызы жолдасына кетеді деген мәселелер қарастырылған болса ол кейін ажырасқаннан кейін сотпен жүгінуге толықтай құқығы бар. Бұл жерде енді қалың мал туралы сөз етілмейді.
Жастардың шаңырағы неге шайқалады? Оның берік болуына, отбасын сақтап қалуына қолдау білдіретіндер жоқтығынан. Керісінше, дүниеге таласып, бергенін міндет етеді.