Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жылқы тепкен 9 жасар балаға бірнеше ота жасалды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2023
  • 1282

Шымкентте жылқы тепкен 9 жасар балаға бірнеше ота жасалды.

Жылқы тепкен баланың жоғары жақ - бет және көз сүйектері ауыр жарақаттанып, бұғанасы сынып кеткен. Сондықтан балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ауыр дене жарақатын алған жеткіншекке бір мезетте бірнеше күрделі ота жасады.

Бірінші кезекте операцияны аурухананың жақ – бет хирургы Н.Ордабаев, анестезиолог дәрігер Б.Әлменов, облыстық балалар ауруханасының жақ – бет хирургы А. Тұяқбаев және облыстық клиникалық ауруханасының жақ – бет хирургы Е.Тұрабеков жасап шықты.

Мұнан кейін қалалық балалар клиникалық ауруханасының травматология ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, травматолог дәрігері Б.Тұрдықұлов баланың сынған бұғанасына ота жасады.

«Қатарынан жасалған күрделі операциялар сәтті өтті. Баланың жағдайы жақсы. Пациент қазір отоларингология және жақ – бет хирургиясы бөлімшесінде ем алып жатыр» - делінген Шымкент қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.