Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұшақтағы тыныштықты бұзған". Астанада Моңғолия азаматына айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2023
  • 862

Астанада 14 тамызда халықаралық әуежайдағы желілік полиция бөліміне Scat әуекомпаниясының "Стамбул – Астана" бағытындағы әуерейсінің бортында құқық бұзушының бар екендігі туралы хабар түскен, - деп хабарлайды polisia.kz.

Экипаж мүшелері полицейлерге жолаушы азаматтың әуе кемесінің ұшу кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін, тіпті басқа жолаушылардың тыныштығын бұзғанын айтты.

Мән-жайлар анықталғаннан кейін Моңғолияның 39 жастағы азаматын полицейлер алып кеткен. Ол кезекші бөлімге жеткізілді, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, мас екені белгілі болды.

Шетелдік азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.