Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлын Алматыдағы белді университеттердің біріне грантқа түсірмек болған тараздық тұрғын сан соғып қалды

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2023
  • 895

Ұлын грантқа оқуға түсіргісі келген Тараз тұрғыны танысына алданып қалғанын айтып, полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, 11 тамызда Тараз қаласының полиция басқармасына Түймекент ауылының тұрғыны арызданған. Оның сөзінше, 28 шілде күні ұлын Алматы қаласының белді университеттерінің біріне грантқа түсіру үшін өзінің танысына 500 мың теңге берген. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер Тараз қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстаған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Тергеу жалғасып жатыр.